Бішкектегі ЦУМ-нан адамдар эвакуацияланды

715

Ғимаратты тәртіп сақшылар қоршап алды.

Бішкектегі ЦУМ-нан адамдар эвакуацияланды

Қырғызстандық милиция Бішкектегі "Айчурек" ойын-сауық орталығы  қоршап алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға орнынан сауда орталығына келгендер мен қызметкерлер эвакуацияланды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде ойын-сауық орталығында бомба қойылып, адамдар кепілге алынды деген ақпарат жарияланған еді.

Құқық қорғау органдарындағы Sputnik дереккөздерінің хабарлауынша, полиция сауда орталығындағы бірнеше әйелден күдіктеніп отыр.
Қазір жергілікті билік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу