Bitcoin бағасы төмендеді

991

Bitcoin бағасы төмендеді

Ең танымал криптовалюта Bitcoin 13 мың долларға дейін төмендеді. Сондай-ақ, баламалы "биткоин каш" құны да 30 пайызға кеміп, 2,5 мың долларды құраған.

Айта кетейік, 17 желтоқсанда биткоин рекордтық көрсеткішке жетіп, 20 мың долларға саудаланған болатын.

Кейбір сарапшылар криптовалютаның болашағына теріс болжамдар жасап отыр. Мәселен, Bitcoin.com компаниясының негізін қалаушы Эмиль Ольденбург биткоинның сауда валютасы ретінде келешегі жоқ екенін мәлімдеген. Сол күні-ақ Сингапурдың қаржы-несие басқармасы инвесторларлардың криптовалютаға салған қаржысы жоғалу қауіпі бар екендігін ескерткен. Өйткені олар нақты активтермен қамтамасыз етілмеген және төлем бірлігі ретінде ресми түрде рұқсат етілмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу