Бітімгерлер кәсіби біліктілігін шыңдады

1157

Оқу-жаттығуға барлығы 1 700-ден аса әскери қызметші, 300-ден аса әскери техника, әрі әскери тікұшақтар жұмылдырылды. 

Бітімгерлер кәсіби біліктілігін шыңдады

Қазақстандық бітімгерлер Ресейде өткен "Мызғымас бауырластық-2021" бірлескен оқу-жаттығуына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери жаттығу барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық бітімгершілік күштері бейбітшілікті қолдау жөніндегі міндеттер пысықталған.

Жауынгерлік даярлық департаментінің басшысы – Қазақстан Қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Дәулет Оспанов бірлескен оқу-жаттығу басшылығының құрамында қазақстандық бөлімшенің іс-қимылын үйлестірді. 

Оның айтуынша, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – бейбітшілікті қолдау жөніндегі бірлескен операцияны өткізуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық бітімгершілік күштері бөлімшелерінің үйлесімді байланысын арттыру болды. 

"Қазақстандық бітімгерлер гуманитарлық жүгі бар лектерді алып жүру, жергілікті жерді патрульдеу бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға қатысты, шартты дағдарыс ауданындағы қақтығысты реттеу үшін елді мекенді бұғаттады. Қорытынды кезеңде тәжірибе іс-қимылының кешенді ойыны өткізілді", – деп жазылған хабарламада.

Оқу-жаттығуға барлығы 1 700-ден аса әскери қызметші, 300-ден аса әскери техника мен әскери тікұшақтар жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу