Биткоин 70 мың долларға жетті

507

8 наурыздағы сауда кезінде биткоин бағасы рекорд жаңартып, 70 мың долларға жетті, деп хабарлайды Bloomberg.

Биткоин 70 мың долларға жетті Фото: canva.com

АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы қаңтардың соңында биткоиннің 11 спот қорын бекіткеннен кейін инвесторлар криптовалюталарға көбірек қызығушылық танытты.

5 наурызда биткоиннің капиталдандыруы 1,35 трлн долларға дейін өсті.

Bloomberg мәліметінше, капиталдандырудың өсуіне АҚШ-тағы жаңа спот биржалық қорлардың (ETFs) биткоинге сұранысының артуы ықпал етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу