Биткоин бағамы 20 мың доллардан асты

725

Өткен аптада 10%-ға арзандаған болатын.

Биткоин бағамы 20 мың доллардан асты

Биткоин бағасы 12%-ға өсіп, бағамы 20 мың доллардан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz Binance биржасының мәліметіне сілтеме жасап.

19 маусымда криптовалюта бағамы 17 мың доллардан төмендеген еді. Бұл 2020 жылдың соңынан бергі ең төмен көрсеткіш. Ethereum бағамы шамамен 19%-ға төмендеп, 881 долларға дейін құлдырады. Мұндай рекордтық көрсеткіш 2021 жылдың қаңтарында тіркелген болатын.

Қос криптовалюта 2021 жылдың қарашасында тіркелген максимумдармен салыстырғанда 70%-ға арзандады. Сарапшылар мұндай динамикаға криптовалютаға деген қызығушылықтың азаюы себеп болып отыр деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу