Биткоин бағамы шарықтады

1043

Қазір ол 51 мың долларға саудалануда.

Биткоин бағамы шарықтады Фото: reuters.com

4 желтоқсанда криптовалюта бағасы құлдырағаннан кейін биткоин қайтадан қымбаттай бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Binance биржасына сілтеме жасап. 

Қазір биткоин 51 мың долларға саудаланып жатыр.

Биткоин 4 желтоқсанда 21%-ға арзандап, 45 мың доллар болды. Fundstrat зерттеу орталығының сандық активтерді зерттеу бөлімінің басшысы Шон Фарреллдің айтуы бойынша, мұндай динамиканың қалыптасуына институционалдық инвесторлардың әрекеті әсер еткен.

Қараша айының соңында биткоин "омикрон" штамының таралуына байланысты құлдырады. Бірақ көп ұзамай қалпына келді. Криптовалютаның қараша айындағы максимумы – 69 мың доллар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу