Биткоин бағасы бірден 2 мың долларға құлдырады

768

Биткоин бағасы бірден 2 мың долларға құлдырады

Әлемдегі ең танымал криптовалюта тарихи рекордтық көрсеткіштен кейін бірден $2 мыңға құлдырап кетті, деп хабарлайды РБК.
Биткоин бағасы 29 қарашада 11,377 долларға дейін қымбаттап, тарихында болмаған көрсеткішке көтеріліп еді. Алайда кешкі сағат 19:40-қа қарай бірден 2 мың долларға төмендеп, 9,290 мың долларға дейін құлдырап кетті. Дегенмен түнгі 01:30 кезінде қайта құбылып, 10 мың доллардан жоғары саудаланған.
Coindesk биржасының мәліметі бойынша, биткоин бағасы жыл басынан бері 10 рет өскен. Бұл аптада оның бағасы екі секіріп, 11 мың долларға шарықтау шегіне жетті. Дегенмен кей сарапшылар бұл виртуалды валютаның соңғы серпілісі емес, 2018 жылғы қарай 40 мың долларға жетуі ғажап емес деген пікірде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу