Биткоин бағасы мамыр айынан бері алғаш рет 50 мың доллардан асты

615

20 шілдеде биткоин 6%-арзандап, 29,6 мың долларға саудаланған еді.

Биткоин бағасы мамыр айынан бері алғаш рет 50 мың доллардан асты

Биткоиннің бағасы 15 мамырдан бері алғаш рет 50 мың доллардан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Ресми дерек бойынша, биткоин құны 2,5%-ға қымбаттап, 50 мың доллардан сәл көтерілді. Бірақ кейінірек криптовалюта бағамы төмендеп, 49,8 мың доллар болды.
Ал 20-дан астам биржаның орташа бағасын есептейтін CoinMarketCap порталының мәліметі бойынша, биткоин бағасы 2,33%-ға өскен.

20 шілдеде биткоин 6%-арзандап, 29,6 мың долларға саудаланған еді. Ең танымал криптовалютаның құлдырауына әлемдік қор нарығындағы жаппай сатылым мен Қытай экономикасына қатысты жаңалықтар әсер етті. Қытайдың Халық банкі елдің ірі қаржы институттарына операцияларды криптовалюта арқылы жүзеге асыруға тыйым салған еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу