Биткоин бағасы миллион долларға дейін жетуі мүмкін

1218

2020 жылы оның құны 4 есе қымбаттады.

Биткоин бағасы миллион долларға дейін жетуі мүмкін

Kraken криптобиржасының бас директоры Джесси Пауэлл Алдағы он жылда биткоин бағасы миллион долларға жетуі мүмкін деген пікірде, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. 

"Оның бағасы Айға, Марсқа дейін өседі және ақыр соңында ол әлемдік валютаға айналады", — дейді ол.

2020 жылдың жазында Пауэлл екі жыл ішінде ең танымал криптовалюта құны 100 мың долларға дейін қымбаттайды деген болжам жасаған еді. 

2020 жылдың наурыз айында пандемия басталып, мұнай бағасы мен әлемдік қор биржалары құлдырағанда, биткоин, керісінше, қымбаттаған болатын. Өткен жылы оның бағасы төрт есе өсті, биыл рекордттық деңгейге, яғни 57 мың долларға жетті. Ал қазіргі бағасы 50 мың доллар шамасында. 

Табиғат Нұрболат 

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу