Биткоин бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

1417

Биткоин бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Ал Биткоин бағасы 9 мың 43 доллар болып, рекордтық көрсеткішке жетті. Соңғы саудада оның бағасы 280 долларға қымбаттаған. Алайда, екінші сауда –саттықта 8 мың 932 доллар межесіне төмендеді. Қазіргі уақытта аталған криптовалютаның капитализациясы 149 млрд долларды құрады.

Қараша айының басында инвесторлар қаржыны криптовалютаның тағы бірі биткоин-кеш түріне құя бастаған. Салдарынан биткоин бағамы 30%-ға құлдырап, 5 мың 605 доллар деңгейіне жетті. Қаржы саласы мамандарының айтуынша, жыл соңына дейін биткоин 10 мың долларға дейін шарықтайды. Сондай-ақ, жақында пайда болған криптовалютаның бір түрі ethereum бағамы бүгінде 460 доллар 52 центке жетті. Оның бағасы сәуір айында нәбері 44 долларды құраған. Қазіргі уақытта оның капитализациясы 43 млрд 52 млн долларға тең.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу