Биткоин екі жылда бірінші рет 20 000 доллардан төмен түсті

765

Әлемдік нарықтағы сатылым және тәуекелдер жағдайында ВТС-ға қысым күшті болып тұр. Криптовалюта нарығының капитализациясы триллион доллардан төмен түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биткоин екі жылда бірінші рет 20 000 доллардан төмен түсті

Биткоин құны 6,98%-ға арзандап, 2020 жылдың 16 желтоқсанынан бері алғаш рет 20 000 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды РИА Новости.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-дегі жағдай бойынша Bitcoin сауда көлемі бойынша ең ірі криптовалюта биржасы Binance-те 6,98%-ға арзандап, 19 487 долларға дейін төмендеді.

20-дан астам биржаның орташа бағасын есептейтін CoinMarketCap порталының мәліметі бойынша, биткоин бағасы 6,50%-ға төмендеп, 19 554 долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу