Битум өндірісінің жоспары орындалмады

777

Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының құнына әсер ететін битум өндіру жоспары 96% ғана орындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Битум өндірісінің жоспары орындалмады

Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, жоспардың толық орындалмауына халықтың газ тұтынуға деген сұранысының артуы себеп болған. 

"Осыған байланысты "Газпромнефть-Битум" компаниясына газ беру шектелді", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министр әуе отыны бойынша көрсеткіш 100% орындалғанын айтты. 

"Мазут өндірісі жоспардан 13%-ға артық болды. Есептік кезеңде 682 мың тонна битум өндірілді. Бұл 8 айға жоспарланған көрсеткіштің 96%-ы", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Оның сөзінше, мұнай-газ-химия өнімдерінің көлемі 96 мың тоннаға жетіп, 100% орындалған. Электр энергиясын өндіру жоспары да толық іске асқан. Өндірілген энергия 75,1 млрд КВт/сағатты құраған. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу