Биыл 1 млн 390 адам жұмыспен қамтылған

753

Пандемияға қарамастан еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 5% деңгейінде сақталып, барлығы 1 млн 390 адам жұмыспен қамтылған. 

Биыл 1 млн 390 адам жұмыспен қамтылған

Үкімет отырысында белгілі болғанындай, карантин шараларына қарамастан биыл 2 млн 300 мың жұмыс орны сақталып, 4,2 млрд теңге сомасында жалақы берешегі өтелген. 

Жұмыс орындарын сақтау бойынша Үкімет тарапынан қабылданған шаралар аясында жұмыспен қамтудың жол картасы еңбек және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды қоса алғанда,жұмыспен қамту шаралармен барлығы 1 млн 390 адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 730 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан. 

"Министрлік әкімдіктермен бірге еңбек  тәуекелі картасы аясында  жұмыскерлердің жұмыстан босатылуы қаупі бойынша апта сайын мониторинг жүргізуде. Осы жылдың басынан 1200 кәсіпорында 15 700 адам жұмыс уақтының икемді  режиміне ауыстырылды", – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов.

Сондай-ақ, министр карантин кезінде табысын жоғалтқан 4 млн 600 мың адамға барлығы 476 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем берілгенін айтты. 
 

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу