Биыл 118 қару мен 15 граната тәркіленді – ҰҚК

98

Аталған фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Биыл 118 қару мен 15 граната тәркіленді – ҰҚК Фото: ҰҚК

Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Қазақстан өңірлерінде қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҰҚК мәліметінше, нәтижесінде 118 қару тәркіленді. Оның ішінде 6 "Калашников" автоматы, 83 мылтық, 29 тапанша бар. Сондай-ақ 15 граната мен 859 оқ-дәрі алынған.

"Аталған фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген ақпаратта.

Ведомство бұл бағыттағы жұмыстың жалғасатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу