Биыл 16 кәсіпорын Қытайға өнім экспорттаушылардың тізіміне енеді

1035

Биыл 16 кәсіпорын Қытайға өнім экспорттаушылардың тізіміне енеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі саланы дамытудың 2018 жылға арналған негізгі тоғыз бағытын белгіледі. Соның бірі экспорт көлемін арттыру болып отыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ең алдымен өнімдерді экспорттау бойынша міндеттерге қол жеткізу үшін биыл сәуір айында импорттаушы елдердің талаптары көрсетілген АӨК басымдықты экспорттық нарықтарының және тауарларының тізімі жарияланады, АӨК өнімдерін экспорттау бойынша ақпараттық-талдау базасы құрылмақ.

Екіншіден, брендтеуді, сертификаттауды, өндірісті ынталандырудың және отандық органикалық және халал өнімдерді сыртқы нарықтарға шығарудың нақты шаралары қабылданады.

Үшіншіден, көліктік-логистикалық мәселелерді шешу үшін АӨК логистика картасы әзірленеді. Импорттаушы елдермен ветеринарлық және фитосанитарлық талаптарды бекіту жұмыстары күшейтіледі.

2017 жылғы желтоқсанда қой еті бойынша бес қазақстандық кәсіпорын Қытайға өнім экспорттауға құқылы экспорттаушы кәсіпорындардың тізіміне енгізілді. Алты кәсіпорынды бал бойынша және он кәсіпорынды балық бойынша тізімге енгізу жоспарланып отыр. Қытаймен сиыр еті, қойлар мен түйелерге арналған ветеринарлық талаптар бойынша, зығыр, үрме бұршақ, асбұршақ, мақсары, бақша дақылдары, жоңышқа және жомға арналған фитосанитариялық талаптар бойынша хаттамаларды мақұлдау көзделген.

Иранмен сиыр еті мен тірі малға қойылатын талаптарды бекіту жұмыстары аяқталуға тақап қалды, Сауд Арабиясымен малды сою мен өсіруге экспорттау бойынша ветеринарлық сертификат дайындалып жатыр. Израильмен, Кувейт, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, ЕО-мен келіссөздер жүргізу жоспарланған.

АШМ басымдықты елдердегі (Қытай, Иран, Франция, Италия, Австралия және Канада) ҚР елшіліктерінің штатына АӨК мәселелері бойынша өкілді (кеңесші, атташе) қосуға бастама білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу