Биыл 18 бен 50 жас аралығындағы азаматтар ғана қажылыққа бара алады

648

Сауд Арабиясы санитарлық шектеулерді азайтқан соң, қажылыққа баратындардың қатары көбейді. 

Биыл 18 бен 50 жас аралығындағы азаматтар ғана қажылыққа бара алады

Бүгін Джиддаға Пәкістан мен Индонезиядан 400 ұшақ қонды, деп хабарлайды Atameken Business.

Жаңа ережеге сәйкес, биыл тек жасы 18 бен 50 аралығындағы азаматтар ғана мұсылмандық парызын өтей алады. Зиярат етуге бір күнде тек 20 мың адамға рұқсат берілген. Меккедегі ең үлкен мешітке 3 күн карантинде жатқандар ғана кіре алады.

Сауд Арабиясы ақпаннан бері шекарасын жауып тастаған еді. Шілде айында тек жергілікті халық қана қажылыққа барды. Бүгінде бұл елде ковид жұқтырғандар саны – 347 мың 656. Індет құрбаны болғандар – 5420.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу