Биыл 18 ЖЭК нысаны қолданысқа беріледі

827

Жаңартылатын энергия көздерінен 3 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндіріледі. 

Биыл 18 ЖЭК нысаны қолданысқа беріледі

Энергетика министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев осылай деді. 

"Жаңартылатын энергетика нарығы жыл сайын қарқын алып келе жатыр. 
Мәселен, былтыр 2018 жылмен салыстырғанда 77,8% өсіммен 2,4 млрд кВтсағ "жасыл" энергия өндірілді. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2,3%-ға жетті. 2019 жылы жаңартылатын энергия көздерінің 21 нысаны пайдалануға берілді. ЖЭК жобалары бойынша тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 613 млн АҚШ долларын құрайды. Жалпы қуаты 1050,1 МВт-ты құрайтын жаңартылатын энергия көздерінің 90 нысаны іске қосылды. 2020 жылы жалпы қуаты 605,5 МВт-ты құрайтын 18 ЖЭК нысанын енгізу жоспарлануда. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК өндіру жоспары шамамен 3 млрд кВт-сағатты құрайды", – деді министр. 

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, 2019 жылы жиынтық қуаты 255 МВт құрайтын ЖЭК жобаларына арналған халықаралық аукциондық сауда-саттық электрондық форматта өткізілді. Оның нәтижесі бойынша 12 компания жиынтық қуаты 202 МВт-қа ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығымен 15 жылға келісімшарт жасады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу