Биыл 2,1 млн отбасы әлеуметтік қолдау алады

578

 Бұған мемлекеттік бюджеттен 1,2 трлн теңге жұмсалмақ деп жазады inbusiness.kz. 

Биыл 2,1 млн отбасы әлеуметтік қолдау алады Фото: Dauletten.kz

Үкімет отырысына қатысқан Тамара Дүйсенованың айтуынша бүгінде 258 мыңнан астам әйел жүктілік кезінде және босанғаны үшін берілетін әлеуметтік төлем алып отыр.

"Әйелдердің табысына байланысты олардың орташа мөлшері 2 айдың қорытындысы бойынша шамамен 900 мың теңгені құрады.

1 қаңтардан бастап бала тууға арналған біржолғы жәрдемақылардың мөлшері ұлғайтылды. А.ж. бірінші, екінші және үшінші бала туылған кезде отбасы 131 мың теңге, ал төртінші және 217 мың теңгеден астам алады.

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау үшін бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру кезеңі 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. Өткен жылы туылған балаларды ескере отырып, мұндай төлемдерді 760 мыңға жуық отбасы алады", – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Тамара Дүйсенова бұл қызметтердің барлығы алушыларға белсенді түрде, яғни мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ ұсынылатынын айтты.

ЕХӘҚМ басшысы көп балалы аналарды қолдау шараларына да ерекше назар аударды. Төрт баласы бар отбасына төленетін ай сайынғы жәрдемақының ең төменгі мөлшері 55 мың теңгеден сәл асады, ал 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін ең жоғары мөлшері 110 мың теңгеден асады. Биыл жәрдемақының бұл түрін жалпы қаржыландыру көлемі 410 млрд теңгеге 544 мың отбасына төлеу жоспарлануда.

Алтын алқа және Күміс алқа алқаларымен марапатталған аналарға тағы бір жәрдемақы қарастырылған. Ол өмір бойы тағайындалады және ай сайын төленеді. Бүгінде бұл жәрдемақыны 230 мың ана алады және олар үшін республикалық бюджеттен 61 млрд теңге қарастырылған.

"Барлық әлеуметтік төлемдер отбасының табысына қарамастан тағайындалатынын атап өткім келді. Бірақ отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен болған жағдайда, мемлекет қосымша атаулы әлеуметтік көмек көрсететін болады. Өткен жылы оны 729 мың адам алды, биыл ол 350 мың адамға тағайындалды, бұл ретте оның орташа мөлшері ағымдағы жылы тіркелген төлемдерді ескере отырып, 18 мың теңгені немесе өткен жылдың деңгейінен 8,7 мыңға артық", – деп түйіндеді сөзін Министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу