Биыл 25 мың автокөлік шеттен әкелінді

682

Биыл 25 мың автокөлік шеттен әкелінді

Елдегі автоорталықтар соңғы 10 айда 47 мыңнан аса жаңа көлік сатқан. Түскен қаражат көлемі 403 млрд теңге, деп хабарлайды Atameken Business.

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" өкілдерінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 38,8 пайызға жоғары. Әйтсе де, сатып алушылар 5,5 мың көлікті салонға кері қайтарған. Бұл шамамен 48 млрд теңге деп бағаланды.

Сарапшылар қазан айындағы сатылым 15 пайызға өскенін айтады. Ал жыл соңына дейін 60 мың көліктің сатылуы мүмкін екенін болжауда.

Сондай-ақ сатылған 47 мың автокөліктің 25 мыңы шеттен әкелінген. Ең көп сатылған темір тұлпардың көшін Лада бастаса, артынша Тайото мен Хьюндай маркалары үздік үштікті түйіндеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу