Биыл 35,6 мың жұмыс орны құрылады – министр

776

80 мың отбасы тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі.

Биыл 35,6 мың жұмыс орны құрылады – министр

Жыл соңына дейін "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 35,6 мың жұмыс орнын құрылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өңірлерде бизнес субъектілеріне жеңілдетілген шарттармен кредиттер және қарыз беру, жарғылық капиталға инвестициялау, қаржылай емес қолдау көрсету есебінен шамамен 6 мың жұмыс орны ашылады. 

"Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы" 35,6 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның 55%-дан астамы немесе 20,3 мыңы тұрақты жұмыс орны болады. Отбасы мүшелерін ескерсек, шамамен 80 мың адам тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі", - деді министр Үкімет отырысында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу