Биыл 35 тауарлы сүт фермасын іске қосу жоспарланған – АШМ

1411

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында министрліктің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы да хабарлады.

Биыл 35 тауарлы сүт фермасын іске қосу жоспарланған – АШМ

Биыл жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің өсімін 105%-ке, тамақ өнімдері өндірісінің өсімін 107% деңгейіне жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы министрдің баяндамасында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрдің сөзінше, жоспарлы индикативтерге ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түліктермен толықтыру және Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдаудың нәтижесінде қол жеткізіледі. Бұл үшін АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау, оның ішінде инвестициялық субсидиялау, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын субсидиялау жұмыстары жалғасатын болады. Бұл мақсатқа шамамен 309 млрд теңге бөлінеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, СҚО-да дәнді дақылдарды, Ақмола облысында майлы дақылдарды, Ақтөбе және Алматы облыстарында ет өндіру және қайта өңдеу бойынша экожүйелерді құруға бағытталған инвестициялық жобалар іске асырылады. Бұдан бөлек, импортты алмастыру мақсатында биыл 35 тауарлы сүт фермасын (жалпы қуаты 131 мың тонна сүт), 2 мың гектардан астам бақша (өндірістік қуаты жылына 73,5 мың тонна алма), 3 ет комбинатын (қуаты 45 мың тонна ет өнімдері), 5 құс фабрикасын (қуаты 42 мың тонна), балық өндіретін 4 нысанды (жалпы қуаты 8 мың тоннаға жуық балық) іске қосу жоспарланған. Сонымен бірге, өндірістік қуаты 150 мың тонна болатын қант зауытының құрылысы басталады. Жалпы, 2021 жылы түрлі бағыттағы 79 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр",– дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу