Биыл 4,9 миллион тонна астық тасымалданды

657

Биыл 4,9 миллион тонна астық тасымалданды

2018 жыл басынан бері 4,9 миллион тонна астық тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 49% жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Экспортқа 3,7 млн тонна астық жөнелтілді. Иран бағдарына 700 мың тоннадан астам астық жіберілсе, ол өткен жылмен салыстырғанда үш есеге жоғары. Өзбекстанға 1,2 миллион тонна жіберілсе, ол өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 63 % жоғары. Қытай (+23%), Ауғанстан (+53%) бағдарына астық тасымалы көбейді.

Биылғы жылғы бес айда ұн тасымалдау 1,2 миллион тонна болды. Өзбекстанға жіберілген астық көлемі - 47 %, Түркменстанға қарай 2,6 есеге өсті.

2018 жылғы мамырдан бастап "Астық-Транс" АҚ астық вагондарын пайдалану ақысын 15 пайызға төмендетті. Яғни, экспорттық тасымалға тәулігіне 9 мың теңге арзандаса, республикаішілік бағдарға 4,5 мың теңгеге түсті. Мұндай жеңілдік үш жылдан бері қолданылып келеді.

Мұндай бағаны төмендету шарасы жылма жыл жазғы маусымда жасалады. Бұл өз кезегінде экспорттық тасымал, жалпы жүк ағыны, вагон жетіспеушілігі және жылжымалы құрам иелерінің арасындағы бәсекелестіктің артуына байланысты болып отыр.

2018 жылы "Узбекистон темир йуллари" АҚ мен "ҚТЖ" ҰК" АҚ екі ел аумағымен экспорттық жүктерді тасымалдауға қолайлы тарифтік жеңілдіктер жасауға уағдаласты. Келісім астық, ұн өнімдеріне де қатысты.

2018 жылғы 1-мамырдан бастап Қазақстаннан шығатын астық, ұн өнімдеріне төмендетілген коэффициенттер: Келес   – Ходжадавлет   – 50%; Келес   – Галаба   – 20% бағдарларына жасалды. Осылайша, қазақстандық және өзбекстандық астық өндірушілерге қолайлы жағдай жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу