2023 жылы Қазақстанға 43 компания релокацияланады

409

Релокациялау шеңберінде 24 компания Қазақстанға көшті.

2023 жылы Қазақстанға 43 компания релокацияланады Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет басшысы Ә.Смайылов Президенттің қатысуымен өтіп жатқан экономикалық кеңесте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2023 жылы Индустрия саласында 1 трлн теңгеге 170 жаңа инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

18,3 трлн теңге көлемінде негізгі капиталға инвестиция тарту міндеті тұр.  

Жалпы құны 28,1 трлн теңгеге 873 жобадан тұратын инвестициялық пул пысықталуда. 

Релокациялау шеңберінде 24 компания Қазақстанға көшті, тағы 43 компания бойынша жұмыс жалғасуда.

"Индустрия саласында биыл 1 трлн теңгеге 170 жоба іске қосылады.  Осының есебінен 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда", — деп атап өтті Премьер-Министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу