Биыл 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

707

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 93,5 мың этникалық қазақ оралған.

Биыл 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 5 679 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,7%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 8,8% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,5% басқа елдерден қоныс аударған.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,1%), Маңғыстау (18,8%), Түркістан (10,3%) және Жамбыл (6,2%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6%), Нұр-Сұлтан (6,9%) және Шымкент (7,9%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 22,8% және зейнеткерлер саны 14%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4%-ы жоғары білімді, 40,3%-ы орта кәсіби білімді, 46,6%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ның білімі жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу