Биыл 70,8 млн тонна мұнай мен конденсат өндірілді

761

Биыл 70,8 млн тонна мұнай мен конденсат өндірілді

2016 жылы отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жанар-жағармай жеткізу міндеттемесі толық орындалды. Бұл туралы ҚР Үкімет отырысы барысында ағымдағы жылдың 11 айында Қазақстанның мұнайгаз саласындағы даму нәтижелерін, сондай-ақ ішкі жанар-жағармай нарығындағы ахуалды қарастыру барысында айтылды, деп жазады egemen.kz.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев аталған кезеңдегі мұнай мен конденсат өндіру көлемі 70,8 млн тоннаны құрағаны туралы мәлімдеді.

Ағымдағы жылы мұнайгаз саласындағы кәсіпорындарды қолдау жөніндегі шаралар, сонымен қатар Қашағанның іске қосылуы жылдық мұнай өндіру көлемін 74-тен 75,5 млн  тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мұнай өңдеу көлемі 13,1 млн тоннаны құрады. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қажеттілігі үшін арзандатылған ЖЖМ жеткізу толықтай орындалды. Ағымдағы жылғы 13 желтоқсандағы жағдай бойынша, мұнай базаларындағы қор көлемі: Аи-92/93 жанармайы – 103 мың тонадан асады, дизельдік отын көлемі — 155 мың тоннадан асады. ЖЖМ қалдық көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жеткілікті қолайлы қорды құрайды. Жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу