Биыл 9 айда Астанаға 52 мыңнан астам адам қоныс аударған

677

Елімізде қаңтар-қыркүйек аралығында елорда өңіраралық көші-қонның негізгі орталығына айналды.

Биыл 9 айда Астанаға 52 мыңнан астам адам қоныс аударған Фото: Астана қаласының әкімдігі

Бас қалаға өзге өңірлерден келгендер саны кеткендерден 52 029 адамға артық. Ал Түркістан облысында кері көрініс: көшіп кеткендер келгендерден 32 142 адамға көп, деп жазады inbusiness.kz сайты Kursiv медиа порталына сілтеме жасап.

Оң көші-қон айырымы бойынша Алматы қаласы екінші орында – 29 019 адам. Шымкентте бұл көрсеткіш 11 128 адамға жетті. Осылайша, үш мегаполистегі жиынтық оң айырма 92 176 адамды құрады.

Облыстар арасында оң көрсеткіш тек Алматы және Ақмола облыстарында тіркелген: тиісінше 8 307 және 5 500 адам. Қалған 15 өңірде кеткендер саны келгендерден асып түскен.

Түркістаннан кейінгі ең үлкен теріс айырма Жамбыл облысында байқалды – 15 470 адам. Қызылорда мен Жетісу облыстарында да көрсеткіш елеулі: тиісінше − 9 445 және − 9 441 адам.

Деректер ел ішіндегі көші-қонның ірі қалаларға бағытталғанын көрсетеді. Әсіресе Астананың көрсеткіші айқын: елордадағы оң айырма Алматы қаласынан шамамен 1,8 есе жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу