Биыл ақпанда Ұлттық қордағы қаржы 358 млрд теңгеге өскен

747

Бір айдағы өсім – 1,3%. 

Биыл ақпанда Ұлттық қордағы қаржы 358 млрд теңгеге өскен

2022 жылғы ақпанда Ұлттық қордағы қаржы 358 млрд теңгеге артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

"Биыл ақпанның басында Ұлттық қордағы қаражат 27,15 трлн теңге, ал ақпанның соңында 27,51 трлн теңге болды", – деп жазылған Ұлттық қордың түсімдері және оны пайдалану туралы 2022 жылғы 1 наурызға арналған министрлік есебінде.

Осылайша, ақпанда Ұлттық қордағы қаражаты 358 млрд теңгеге немесе 1,3%-ға өскен. 

Қаржы министрлігінің есебіне сәйкес, Ұлттық қорға бір айда 924 млрд теңге түсім түскен, әрі 566 млрд теңге пайдаланылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу