Биыл Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы жобаларына 20 млрд теңге бөлінбек

942

Ең көп өтініш берген – Әйтеке би ауданы.

Биыл Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы жобаларына 20 млрд теңге бөлінбек

Былтыр Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы жобаларына 20 млрд.теңгеге қолдау көрсетілген. Биыл да сондай қаражат бөлу жоспарланып отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

2021 жылы  Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық несие корпорациясы облыста жалпы сомасы 20 млрд теңгенің жобаларына қолдау көрсеткен. Осы жылы дәл сондай қаржы ақтөбелік шаруаларға да берілетін болады.

"Қазіргі уақытта "Кең дала" бағдарламасы бойынша жұмыстар басталып кетті, соның аясында көктемгі дала жұмыстарына қолдау көрсетуге өтінімдер қабылданып жатыр. Облыс бойынша ендігі жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге өтінім келіп түсті. Өтінімдердің басым бөлігін облыстың төрт астықты ауданы берген, өтінімдер саны бойынша көш басында тұрған  – Әйтеке би ауданы”, - дейді Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалының басшысы Гүлжанат Ерғазина.

Айта кетейік, өткен жылы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорын" "Аграрлық несие корпорациясына" қосу туралы шешім қабылданған болатын. Аграрлық несие корпорациясына Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының шағын бизнесті несиелеу, өсімдік шаруашылығын сақтандыру және "Дипломмен ауылға" жобасы аясында "Ауыл ипотекасы" агентінің қызметтері берілген.

Қайта ұйымдастыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге "бір терезе" қағидасымен несие алуға мүмкіндік берді.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу