Биыл Ақтөбе облысының әлеуметтік саласына 111,8 млрд теңге бөлінді

956

Биыл Ақтөбе облысының әлеуметтік саласына 111,8 млрд теңге бөлінді

Биыл Ақтөбе облысының әлеуметтік саласына 111,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

2016 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 202,7 млрд теңгені құрады. Соның ішінде, облыстың өндеу өнеркәсібі Республика бойынша бірінші орынға шықты.

"Ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 184,8 млрд теңгемен республика боынша 3-ші орында. Инвестициялар көлемі 373,7 млрдтеңге. Құрылыс жұмыстарының көлемі 136,3 млрд теңге құрады. Қаржыландырудың барлық көздерінен 616,6 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2015 жылдың деңгейіне115,0%. Ал ШОБ қызмет ететін субъектілердің саны 50,8 мың бірлікті құрап, ел бойынша облыс 2-ші орында", - делінген хабарламада.

2016 жылы МЖӘ (мемлекеттік жеке әріптестік) аясында 7 жоба бойынша келісім-шарттар жасалынды, 2017 жылы қосымша МЖӘ-тің 12 жобасын іске асыру жоспарда. Алдағы уақытта, облыстың әр ауданында МЖӘ-тің кемінде 2-3 жобасын іске асыру жоспарлануда..

Әлеуметтік салаға биыл 111,8 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде білім беруге 67,2 млрд теңге, денсаулық сақтауға 28,6 млрд теңге.

2016 жылы Ұлттық қордың қаражаттары есебінен Ақтөбе қаласының "Нұр Ақтөбе" ауданында 1200 орынды, Заречный-3 ауылдарында 600 орынды, Кірпішті ауылында 320 орынды 3 мектептің және Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылында және Батыс-2 мөлтек ауданында әрқайсысы 320 орынды 2 бала бақшаның құрылысы аяқталды.

Жергілікті бюджет есебінен әрқайсысы 100 орынды Қарғалы ауданының Әлімбет ауылында, Алға ауданының Қарақұдық ауылында, Мәртөк ауданының Аққайын ауылында 3 мектептің құрылысы аяқталды.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016 жылы инвестиция көлемі 18,0 млрд теңгеге 65 жоба жүзеге асырылуда. Оның 17,9 млрд теңгесі немесе 99,2% игерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу