Биыл Ақтөбеде 7 200 пәтер пайдалануға беріледі

649

Келесі жылы 7 500 пәтерді тұрғын үйді тапсыру жоспарланып отыр.

Биыл Ақтөбеде 7 200 пәтер пайдалануға беріледі

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мемлекет басшысының Жолдауы аясында өңірді дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды айта отырып, биылғы жылы 1 млн шаршы метр тұрғын үй өз иесін табатынын мәлім етті. 

"Ақтөбе облысында 31 мыңнан астам адам тұрғын үй алу кезегінде тұр. Ақтөбе қаласында 150 мыңдай адам жер телімін алуға өтініш берген. "Үйі жоқтың күйі жоқ" дейді, сол себепті осы мәселені шешу үшін былтыр 1 млн шаршы метр тұрғын үйді тапсырдық. Биыл да 1 млн шаршы метр, яғни 7200 пәтер тапсырамыз. Келесі жылы тағы 1,1 млн шаршы метр тұрғын үйді немесе 7 500 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз", – деді Оңдасын Оразалин.

Өңір әкімінің айтуынша, биыл көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 420 пәтердің кілті берілмек. Бұл мақсатта 6,5 млрд теңге қарастырылған. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу