Биыл әлемдегі мұнай бағасы тұрақты болуы мүмкін

929

Биыл әлемдегі мұнай бағасы тұрақты болуы мүмкін

ОПЕК елдерінің келісімі сақталса, биыл әлемдік нарықта қара алтын бағасы тұрақты болуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені мұнай экспорттаушы елдер ұйымының бас хатшысы Мұхаммад Баркиндо мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz. 

Қазір келісімге қосылған мемлекеттер оны 2018 жылдың желтоқсанына дейін ұзарту мәселесін қарастырып жатыр. Өткен жылдың қарашасында ОПЕК елдері мен Ресей тәулігіне өндірілетін қара алтын көлемін 1,8 миллион баррельге қысқартуға келісті.

Айта кетейік, ОПЕК елдері министрлерінің келесі басқосуы алдағы маусымға жоспарланған. Жиында нарықтағы жағдайға байланысты бағаны оңтайландыру мәселесі қаралады деп күтілуде. 
"Нарықта тұрақтылық байқалады. Инвесторлар да қайта оралып жатыр. Енді алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге тырысамыз. Биылғы жыл сәтті болады деген үміттеміз", - деді ОПЕК ұйымының бас хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу