Биыл әлеуметтік қызметтің 93%-ы электронды форматта көрсетілмек

794

2020 жылы әлеуметтік-еңбек саласында қазақстандықтарға 12,4 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Биыл әлеуметтік қызметтің 93%-ы электронды форматта көрсетілмек

2021 жылы әлеуметтік қызметтің 93%-ын электронды форматта көрсету жоспарланып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол бүгінде әлеуметтік салада 44 мемлекеттік қызмет көрсетілетінін атап өтті.

"Оның ішінде 40 қызмет немесе 91%-ы электронды түрде көрсетіледі. 40 қызметтің 18-і проактивті (тұрғынға ұялы телефон арқылы көрсетілетін, келісімі міндетті түрде қажет қызмет – автор) түрде көрсетіледі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-еңбек саласында қазақстандықтарға жалпы 12,4 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 8,7 миллионы электронды форматта. Биыл электронды қызмет түрін 93%-ға жеткізу жоспарланып отыр", - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу