Биыл әлеуметтік маңызды 19 тауардың бағасы көтерілген

922

Биыл әлеуметтік маңызды 19 тауардың бағасы көтерілген

2017 жылдың басынан бері әлеуметтік маңызды 19 тауардың бағасы 4,9 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы 24.kz статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Атап айтсақ, пияздың бағасы 62 пайызға, ал картоптың бағасы 48,9 пайызға, қырыққабаттың құны 32,4 пайызға, сәбіздің бағасы 23,6 пайызға өскен. Сиыр етінің бағасы жыл басынан бері 9,6 пайызға жоғарылаған. Ал қарақұмық жармасы (12,1%), қант (6,9%) және күнбағыс майы (5,9%) мен жұмыртқаның бағасы 19,2 пайызға арзандаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу