Биыл Алматы облысына 30 миллиард теңге инвестиция тартылды

773

 Биыл Алматы облысына 30 миллиард теңге  инвестиция тартылды

Алматы облысына жыл басынан бері 30 миллиард теңге  инвестиция тартылған. Инвесторлар көбіне ауыл шаруашылығына және тауар өндіретін кәсіпорындарға қаржы құюға қызығушылық танытыпты. Бұл туралы "Талғар-инвест" жерлестер форумында мәлім болды, деп хабарлайды almaty.tv.

Шарада инвесторлар 18 миллиард теңгені құрайтын 6 меморандумға қол қойды. Бұл қаражат облыста туризмді дамытуға және әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне жұмсалмақ. Инвест-форумға кәсіпкерлер, болашақ инвесторлар, билік өкілдері қатысты.

"Бізде өскен өнімдердің экология жағынан сапасы өте жоғары. Біріншіден өзіміздің халыққа жеткізіп, екіншіден экспортқа шығаруға мүмкіншілік береді. Бұл мекемелердің, зауыттардың өнімдері", - дейді   Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Әлімжан Тохтанусов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу