Биыл Алматы облысында жаңа жел электр станциясы іске қосылады

1388

Алматы қаласынан 140 шақырым жерде салынып жатқан қуаты 60 МВт жаңа жел электр станциясы (ЖЭС) осы жылдың тамыз айының басында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биыл Алматы облысында жаңа жел электр станциясы іске қосылады

"Самұрық-Энерго" АҚ Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, станция жылына 225,7 млн. кВтс электр энергиясын өндіретін болады.

"ЖЭС салу және іске қосу парниктік газдар шығарындыларын 206 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жылына шамамен 89 мың тонна дәстүрлі отынның орнын басады", – дейді компаниядан.

Энергетикалық нысан Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Шелек дәлізінде салынып жатыр. Мұнда желдің орташа жылдық жылдамдығы 50 метр биіктікте секундына 7,8 метр екен, ал ағынның тығыздығы – 310 Вт/м2. Болашақта ЖЭС қуатын 300 МВт-қа дейін арттыру жоспарлануда.

Жобаның жалпы құны 37,4 млрд теңге. Жобаны "Самұрық-Энерго" АҚ қазақстандық электр энергетикалық холдингі "Power China" қытай корпорациясымен серіктестікте іске асыруда.

Айта кетсек, Алматы қаласы мен облысында жұмыс істеп тұрған энергетикалық қуаттарға – Алматы ЖЭО, Қапшағай және Алматы Каскад ГЭС, Жамбыл ГРЭС, сондай-ақ Есік, Мойнақ, Қатарал, Талдықорған ГЭС-теріне қарамастан, бұл өңірде энергия тапшылығы бар.

Өйткені еліміздің ең ірі мегаполисі орналасқан облыстағы өндіруші күштер мұндағы электр қуатына деген сұраныстың тек 50%-ын өтейді. Тапшылық сыртқы энергия өндірушілер (республиканың солтүстік облыстарынан, Жамбыл ГРЭС және Қырғызстаннан) есебінен жабылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу