Алматыда биыл көппәтерлі тұрғын үйлердегі 105 жеделсатыны ауыстыру жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жаңартылатын жеделсатылардың 47-сі 25 жылдан астам уақыт пайдаланылған, ал 58-і техникалық тұрғыдан күрделі жөндеуді қажет етеді. Жоба 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатыр.
Қазір Алматыда 14,5 мыңға жуық жеделсаты пайдаланылуда. Оның ішінде 8,4 мыңнан астамы 2 671 көппәтерлі тұрғын үйде орнатылған.
Басқарма өкілдерінің мәліметінше, жеделсатылардың тозу деңгейін ескере отырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада жыл сайын кемінде 150 жеделсатыны жаңарту қажет.