Шаһар билігі азық-түлік инфрақұрылымын дамытып, жергілікті шаруаларды қолдамақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2026 жылы Алматы қаласының әкімдігі 1 мыңнан астам жәрмеңке өткізуді көздеп отыр. Қазақстандағы ең үлкен мегаполисте демалыс күндері өтетін жәрмеңке саны көбейеді.
"2025 жылы Алматының 5 ауданында 430 жәрмеңке ұйымдастырылды, ал биыл жыл соңына дейін олардың саны 2,5 есеге артады: 1000-нан астам жәрмеңке өткізу жоспарланған", – деп хабарлады әкімдік.
Жәрмеңкеде қала тұрғындары жаңа піскен көкөністер, жеміс-жидек пен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін шаруалардан тікелей, арзан бағамен сатып ала алады.
Әкімдік демалыс күндері қаланың 5 ауданында жәрмеңке өтетін орындарды белгіледі.
Олар:
- Алмалы ауданы: Масанчи – Гоголь мен Әйтеке би көшелерінің аралығы;
- Әуезов ауданы: Өтеген батыр көшесі – Абай даңғылынан төмен;
- Бостандық ауданы: "Қазақфильм" шағын ауданы, Есенәлиев көшесі;
- Жетісу ауданы: "Құлагер" шағын ауданы мен аудан әкімдігі ғимараты арасындағы автотұрақ;
- Медеу ауданы: Меңдіқұлов бульвары мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы.