Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен жастарға арналған мүмкіндіктерді кеңейту шаралары туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
"2025 жылы қалада 37,1 мың орынға арналған 22 білім беру нысаны салынды. Бұл оқушы орындарының тапшылығын 29,7 мыңнан 3-4 мыңға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 25%-ға артып, 48,8 млрд теңгеге жетті. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 2 орталық пен 1 емхана салынды, тағы 32 нысанда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жедел жәрдем автопаркі 37%-ға жаңартылды", – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Оңтүстік мегаполисте 11 комьюнити орталық пен 4 "Narco-STOP" орталығы ашылды, 33 демалыс орталығы жаңғыртылды. Студенттік жатақханаларда 8 мыңнан астам орын жасақталды.
"Алматы жастары" бағдарламасы аясында 2 200 жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Қалада 3 шынықтыру-сауықтыру кешені және көше спортына арналған 50 нысан салынды. Соның нәтижесінде NEET санатындағы жастардың үлесі 8,3%-дан 6,4%-ға дейін төмендеді.