Биыл Алматыда 62 отбасы ескі үйден жаңаға көшіріледі

1345

Осы уақытқа дейін тозығы жеткен пәтерлерде тұрып келген алматылықтар Түрксіб ауданындағы бес қабатты жаңа тұрғын үйлерге жайғасады, деп хабарлады әкімдік. Қазіргі кезде бұл мақсатта 3 жаңа тұрғын үй салынып жатыр. 

Биыл Алматыда 62 отбасы ескі үйден жаңаға көшіріледі

Айта кететіні Алматының ескі тұрғын үй қорының жартысы Түрксіб ауданында орналасқан. Онда сүрілуге тиіс 609 үй бар. 

"Ескі тұрғын үй мәселесін шешу үшін биылғы жылы Молдағалиев көшесі мен Сауранбаев көшесінің қиылысы бойынша 3 бес қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі, одан әрі 3 үйді бұзып, 7 бес қабатты тұрғын үй салынады. Сонымен қатар Осипенко көшесінде 2 бес қабатты үйдің құрылысы жүргізілуде", – деді Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының әкімі "ескі" аудандарды кешенді қайта жаңартуды – ескі үйлерді бұзып, тұрғындарды жаңа үйлерге көшіруді тапсырған еді. Реновация бағдарламасы мыңдаған қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және құрылыс саласына инвестициялар тартуға бағытталған.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу