Биыл Алматыға 1,1 млн турист келген

1317

Алматыда кәсіпкерлердің V бизнес-конференциясы өтуде.

Биыл Алматыға 1,1 млн турист келген Фото: informburo.kz

Кәсіпкерлердің дәстүрлі V бизнес-конференциясы барысында "Атамекен" ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев Алматының туристік әлеуетіне тоқталып өтті.

Алматыға биыл 1,1 млн турист келіпті. Оның 70 пайызы еліміздің өзінен барғандар. Бұл бағытта қызмет көрсетуден 25,7 млрд теңге түскен. Нәтижесінде қонақ үйлерге келушілердің тұрақтау көрсеткіші 29 пайыздан көтерілді.

"Алматының көрікті жерлері өте көп. Қаланың туристік әлеуетін көтеру үшін осының барлығын пайдалануымыз керек",– деді Тимур Құлыбаев.

Бүгін Алматыда кәсіпкерлердің жыл сайынғы бизнес-конференциясы өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу