Биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасына қанша қаржы бөлінді?

1303

Еліміздегі жасанды ұрықтандыру қызметінің орташа құны – 886 338 теңге.

Биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасына қанша қаржы бөлінді?

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылы "Аңсаған сәби" бағдарламасына қанша қаржы бөлінгенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бүгінде Қазақстанда 27 экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКО) орталығы жұмыс істейді. Оның 19-ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қызмет көрсетеді. 

Ведомство биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасына қомақты қаржы бөлген.

"Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасы аясында 2021 жылы экстракорпоральді ұрықтандыруға 7 мың квота бөлінді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде сатып алу жоспары бойынша ЭКҰ циклдерінің жалпы сомасы – 6 млрд 277 млн 381 мың теңге", – деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігі inbusiness.kz тілшісінің сауалына.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу