Биыл ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 8,5 млрд теңге төленді

166

2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған. 

Биыл ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 8,5 млрд теңге төленді Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда 80 932 ардагер тұрады, оның ішінде  Ұлы Отан соғысының 96 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 630 ардагер, 26 580 басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері, 37 626 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері. 2025 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 8,5 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:

1) ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);

2) жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:

  • ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 7,55 АЕК (2025 жылы – 29 687 теңге);
  • жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);

3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:

  • Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);
  • Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 4,8 АЕК (2025 жылы – 18 874 теңге);

4) ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу