Биыл әскерге 1,5 мың адам шақырылады

429

Қорғаныс министрлігі "2023 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрық әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.   

Биыл әскерге 1,5 мың адам шақырылады Фото: Егемен Қазақстан

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңы 33-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2023 жылы 1 500 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылсын", - делінген бұйрықта.

Құжатты жария талқылау 13 ақпанға дейін жалғасады.

Еске салайық, әскери жиындар 2007 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Жалпы жиын 30 күнге созылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу