Биыл Астана күніне орай қазақстандықтар екі күн қатарынан демалады

511

Алайда, 1 шілде жұмыс күні болып өзгертілді.  

Биыл Астана күніне орай қазақстандықтар екі күн қатарынан демалады Фото: livejournal.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2023 жылғы демалыс күнін ауыстыру туралы" Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2023 жылғы 1 шілдедегі демалыс күні сенбіден 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстырылады", - делінген Ашық НҚА порталындағы құжат мәтінінде.

Құжатқа түсіндірме жазбада демалыс күнін ауыстыру "мереке күндерінде, сондай-ақ демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында" жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Осылайша, Қазақстан халқы Астана күніне орай 6, 7 шілдеде демалады. Бес күндік жұмыс аптасының тағы екі демалыс күні қосылады – 8 және 9 шілде (сенбі және жексенбі).

Алты күндік аптамен жексенбіге бір демалыс күні қосылады.

Құжатты қоғамдық талқылау 15 наурызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу