Биыл атаулы әлеуметтік көмекке 122 млрд теңге қарастырылыған

1137

Оның ішінде 96,3 млрд теңге республикалық бюджеттен, 26,5 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінеді. 

Биыл атаулы әлеуметтік көмекке 122 млрд теңге қарастырылыған Фото: inbusiness.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы қорытындылары мен 2021 жылға арналған міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

"2020 жылдың қорытындысы бойынша атаулы көмек алушылар саны 184 мың отбасынан 936 мың адамды құрады. Оның 600 мыңы бала, яғни, 64%-ы, ал 73,5 мың көпбалалы отбасы", – деді Серік Шәпкенов.

Министрдің айтуынша 2020 жылы әлеуметтік топтаманы ұсыну аясында мектеп жасына дейінгі 218 мыңнан астам бала ай сайынғы азық-түлік жиынтығы, тоқсан сайын гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген. Оқу кезеңінде 217 мың мектеп жасындағы бала тегін тамақпен беріліп, жол жүрумен бойынша жеңілдік қарастырылған. 

"Былтыр әлеуметтік көмекті іске асыруға 88,2 млрд теңге жұмсалды. 2021 жылға 122,8 млрд теңге, оның ішінде 96,3 млрд теңге республикалық бюджеттен және 26,5 млрд теңге жергілікті бюджеттен қарастырылған", – деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу