Биыл Атырау облысында 73 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

559

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірдің ауыл шаруашылығы секторы туралы сөз қозғады. 

Биыл Атырау облысында 73 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Оның сөзінше, өткен он айда өңірде 4 асыл тұқымды мал шаруашылығы ашылып, егістіктен алынған өнім 6%-ға артқан. 

"Атырау облысы республиканың шөл және шөлейтті, құнарлығы төмен аймақта орналасқан. Соған қарамастан облыста мал басының барлық түрі өсіріліп келеді. Аймақта 33 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар. Олардың 4-еуі биыл құрылды. Соңғы 5 жылда облыстың ауыл шаруашылығы саласында 19 млрд теңгеге 10 ірі жоба жүзеге асырылып, 689 жаңа жұмыс орны ашылды. 2020 жылға ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бюджеттен 3,2 млрд теңге қаржы бөлінді", – деген облыс басшысы егістік тақырыбына тоқталды. 

"Биыл егістік 9 300 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ға, одан алынған өнім 6%-ға өсті. Тұтастай алғанда, облыстың ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі өткен он айда 73 млрд теңгені құрады", – деді Махамбет Досмұхамбетов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу