Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға 80 млрд теңге бөлінеді

797

Биылғы жылдың 14 қаңтарынан бастап "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша көктемгі-жазғы дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға 80 млрд теңге бөлінеді

Бұл еліміздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарына дер кезінде дайындалуға мүмкіндік бермек.

"Биыл алдын ала қаржыландыру көлемін 80 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есеге жоғары. Салыстыру үшін айта кетейік, аталған бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бөлінген аванстық төлем көлемі 2020 жылдың көктемгі кезеңінде 24,4 млрд теңге, ал 2021 жылы шамамен 40 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ сатып алынатын дақылдардың тізімі жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, зығыр, рапс, соя, қарақұмық және жүгері сияқты он тармаққа дейін кеңейтіледі",- деп жазылған хабарламада.

Қаржыландыруға құжат тапсыру үшін фермерлер "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ның аймақтық бөлімшелеріне хабарласуы немесе fcc.kz сайтында онлайн-өтінім беруі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу