Биыл азық-түлік бағасы 15,4%-ға көтерілген

1185

2022 жылғы наурызда айлық инфляция деңгейі – 3,7%. 

Биыл азық-түлік бағасы 15,4%-ға көтерілген

Биыл наурызда азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жылдық мәнде 15,4%-ға жеделдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурызда Қазақстанда тұтыну бағасы 3,7%-ке өсіп, 1996 жылдан бастап осы ай үшін ең жоғары мәнді көрсетті, жылдық мәнде баға 12%-ға өсті. Биыл ақпанда инфляция 8,7% болды.

2022 жылғы наурызда азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жылдық мәнде 15,4% болды, ақпандағы көрсеткіш – 10%.

2021 жылғы қарашада нантоқаш өнімдері мен жармалар қымбаттай бастап, астық дақылдарының төмен түсімділігіне және әлемдік бағаның жоғары болуына байланысты жалғасты. Майлар мен тоң майлар, сүт өнімдері мен ет бағасының өсуі жеделдеді.

Дүрлікпе сұраныс қант бағасының өсуін жеделдетуге ықпал етті. Бағаның өсуін жеделдетуге жемістер мен көкөністердің қымбаттауы елеулі үлес қосты, ал көкөністер арасында қырыққабат, пияз, сәбіз, қызанақ және картоп бағасы айтарлықтай өсті.
2022 жылғы наурызда жылдық азық-түлік емес тауарлардың инфляциясы – 10,9%, ақпандағы көрсеткіш – 8,6%.

Теңге бағамының әлсіреуі тауарлардың барлық тобы бойынша бағаның өсуіне әсер етті.

Көліктер микрочиптердің жетіспеушілігіне байланысты қымбаттады. Импорт бағасының өсуіне байланысты киім мен аяқ киім, дәрі-дәрмек бағасының өсуі жеделдеді.

Ақылы қызметтер бағасының жылдық өсу қарқыны 2022 жылғы наурызда 8,3% болды, ақпандағы көрсеткіш – 7,1%.

Тұрмысқа жайлы тұрғын үйді жалға алу бағасы сұраныстың артуы және тұрғын үй сатып алу құнының өсуіне байлансты артты.

Сондай-ақ амбулаториялық қызметтердің бағасыда өсті. Карантин шектеулерінің жойылуы сұраныстың өсуіне және шаштараздар, мәдениет және демалыс қызметтері, мейрамханалар мен қонақ үйлер бағасының өсуіне әкелді.

2022 жылғы наурызда өңдеу өнеркәсібіндегі өндірушілер бағасының өсуі – 23,3%, ақпандағы көрсеткіш – 21%.

Жылдық мәнде бағаның өсуі 16,5%-ды құраған тамақ өнімдерінің құрылымында жанар-жағармай бағасы, электр энергиясы және жемшөп дақылдарының қымбаттауы аясында ет және сүт өнімдерін өндірушілер бағасының өсуі жеделдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу