Биыл "Бизнес Бастау" жобасы онлайн өтеді

4845

Оқу мерзімі 21 күннен аспайды.  

Биыл "Бизнес Бастау" жобасы онлайн өтеді

Кәсіпкерлік негіздерін үйретуге бағытталған "Атамекен" ҰКП жобасы 10 маусымда басталады. Білім беру "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылады. 

Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып "Atameken Academy" онлайн платформасы арқылы қашықтықтан оқыту қарастырылған. Жоба қатысушылары Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарына жатуы тиіс. Олар:
 - ауылдық елдімекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар; 
- мүмкіндігі шектеулі жандар, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе, не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе; 
- зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар; 
- жастар, сондай-ақ NEET санатындағы жастар; 
- табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері; 
- ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері; 
- қоныс аударушылар және оралмандар;
- жаңадан бизнес ашқан азаматтар.
Үміткерлер https://atameken.co/ru/course-bastau сайты арқылы құжаттарды жүктеп, өтініш беруі керек. 
Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Бағдарлама аясында оқуды бітірген қатысушыларға сертификат беріледі.
Жобаны сәтті аяқтаған қатысушылар 200 АЕК гранттар конурсына қатыса алады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу