Қаржы министрі: Биыл бюджетке қосымша 800 млрд теңге түседі

853

Оның пікірінше, салық және кедендік әкімшілендіру саласын цифрландыру маңызды.

Қаржы министрі: Биыл бюджетке қосымша 800 млрд теңге түседі

2021 жылы бюджетке қосымша 800 млрд теңге түседі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бүгінде ол салық және кедендік әкімшілендіру саласын цифрландыруға басымдық беріліп отырғанын атап өтті.

"Бұл шаралар бюджет түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, 2019 жылы бюджет түсімдері 916 млрд теңгеге өсті. Өткен жылы 710 млрд теңге көлемінде қосымша өсім болды. Биыл бюджетке қосымша 800 млрд теңге түседі деп отырмыз", – деді Ерұлан Жамаубаев Мәжілісте "Салық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру" тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу